Қарағанды облысында жылқыны жеңіл көліктің артқы бөлігіне сыйдырып, әкетіп бара жатқан тұрғын ұсталды. Полиция қызметкерлері жануарды көлік салонына қалай сыйғызғанына аң-таң. Тексере келгенде малдың тұрғынға тиесілі екенін дәлелдейтін құжат та жоқ болып шықты. Әкімшілік хаттама толтырылып, малдың нақты иесі анықталып жатыр.
Жандос Бақытұлы