Жамбылда шекара арқылы заңсыз тасымалданған 5,2 млрд теңгенің тауары тәркіленді. Олардың басым бөлігі Қырғызстанның алкоголь және темекі өнімдері. Көрші елден акциздік маркасы жоқ өнімдерді арзанға алып заңсыз сататындарды экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұстады. Жалпы жыл басынан бері 6,8 млн қорап темекі, 2 мың литрге жуық спирт және 600 бөтелке контрафакті арақ алынып жойылған. Көлеңкелі кәсіппен айналысқандарға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды.
Жағыпар Исатаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:
Заңсыз тауар тасығандарға қатысты қозғалған істер ауыр емес қылмыс санатына жатады. Сондықтан сот арқылы тауар мен автокөлік тәркіленеді. Кінәлілерге миллиондаған айыппұл салынады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Данияр Әлімқұл