Оңтүстік Корея президенті соңына дейін күресетінін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея президенті соңына дейін күресетінін мәлімдеді

12.12.2024

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізгенін дұрыс шешім деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы бүлік жасамақ болды деген айыпты жоққа шығарды. Бұған қоса, қызметтен кетпейтінін айтып, соңына дейін күресетінін мәлімдеді. Юн оппозицияны импичментті өз мақсатына пайдаланды деп айыптады. Бұған дейін басқарушы «Халық күші» партиясының лидері де импичментті жақтайтынын мәлімдеген еді. Бұған қатысты дауыс беру сенбіде өтеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу