Алматыда тәркіленген мүлікті шетелдікке сату әрекеті әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тәркіленген мүлікті шетелдікке сату әрекеті әшкереленді

12.12.2024

Рейдерлік жасады деп айыпталған Айдос Қоспаевқа тиесілі Алматыдағы «Никольский» базарын алаяқтық жолмен шетелдіктерге сатпақ болған үш адам ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Олар күдіктінің тергеліп жатқанына және мүлікке тыйым салынғанына қарамастан, базарға қатысты құжаттарды алаяқтық жолмен рәсімдеп, шетелге сатуға әрекеттенген. «Никольский» базары жер учаскесімен қоса 2,2 миллиард теңгеге бағаланған. Қазір тыйым салынған мүлікті заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу