Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 5% артты. Оның ішінде машина жасау 6,9%, қара металлургия бойынша өсім 10,8%, түсті металлургияның өндіріс көлемі 4,8% өскен. Химия өнеркәсібінде де 8,4% өсім тіркелді. Бұл туралы жылды қорытындылаған Үкімет жариялады.
Геология саласын дамытуда да оң өзгерістер байқалады. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасында қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орны бар. Биыл геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды. Олардың қатарында алтын, күміс, мыс, мырыш қорлары бар. Сонымен қатар 12 учаскеде жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аида Ахметбек