726 мың теңге айлық. Еңбек биржасында жұмыс берушілер мамандарға осындай жалақы ұсынып жатыр. Мәселен, бас құрылысшыға орта есеппен 726 мың теңге айлық төлеуге дайын. Ал диірменшілерге кемінде 600 мың теңгеге жуық жалақы ұсынылған. Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны жоба әзірлеу, талдау қызметінің басшылары мен ұшқыштар сұрап отыр. Мәселен, ұшқыштар ай сайын кемінде 1 млн теңге айлық алғылары келеді.
Жалпы биыл қараша айында электрондық еңбек биржасында 97 мыңға жуық бос жұмыс орны мен 90 мыңнан аса түйіндеме жарияланған. Бұл көрсеткіш қазан айымен салыстырғанда аз. Мәселен, бос орындар саны 22 пайызға, ал жұмыс іздеушілердің қатары 14 пайызға төмендеген.
Самал Қабышева