Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың іс-шаралар жоспары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың іс-шаралар жоспары бекітілді

12.12.2024

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та Валентина Матвиенкомен кездесті.

Сенат төрағасы Ресейде бүгін аталып өтіп жатқан Конституция күнімен құттықтай келе, Қазақстан-Ресей байланысы барлық негізгі бағыт бойынша тиімді дамып келе жатқанын айтты. «Бұған ең алдымен мемлекет басшыларының өзара қарым-қатынасы ықпал етіп отырғаны анық», – деді.

Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, туризм, цифрландыру бағыттарын дамыту бойынша екі ел парламенттері алдындағы міндеттер белгіленді.

Валентина Матвиенко, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді жоғары бағалады. Қос тарап парламентаралық ынтымақты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Ресей – Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – берік және мызғымас достықтың үлгісі. Ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылдың дәйекті және тиімді дамуы осындай қатынастың дәлелі екені сөзсіз. Бұл сапар да парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары серпінін сақтауға өз септігін тигізеді деп сенеміз.

Динара Жарқынбек 

Хабарламаларға жазылу