Атырауда волонтерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында 400 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді. Жалпы аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізетін 88 волонтер бар.
Олар жоба іске асқаннан бері бірнеше заң бұзушылықтың алдын алған. Соңғы 5 жылда салада біраз жаңашылдықтар бар. Санкциялар қатаңдатылған. Жемқорлық туралы хабарлар үшін сыйақы көлемі өсті. Еңбек құқықтарын қорғау бойынша шаралар да қабылданған.
Нұрсұлтан Нұрсейіт