Ақтауда жасөспірімдер арасында вандализм дерегі көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жасөспірімдер арасында вандализм дерегі көбейген

13.12.2024

Ақтауда жасөспірімдер арасында вандализм дерегі көбейген. Жуырда жағажайдағы тас қоршауды қиратқан балалардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полицейлер бұзақыларды анықтап, ата-аналарын оқиға орнына шақыртқан. Тентектердің іс әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жылпы биыл облыс аумағында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті бүлдіру бойынша 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу