Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады

13.12.2024

16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу пункттері уақытша жабылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Бұған басты себеп- екі мемлекеттің тиісті келісімдеріне сәйкес, елдерде өтетін мерекеге орай мұндағы жұмыс уақытша тоқтамақ. Яғни, шекарадан адамдар, көліктер және жүктер өткізілмейді. Алайда, теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу