Сирияда Башар Асад билігі тұсында тыйым салынған валюта саудасы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда Башар Асад билігі тұсында тыйым салынған валюта саудасы қайта жанданды

13.12.2024

Сирияда Башар Асад билігі тұсында тыйым салынған валюта саудасы қайта жанданды. Ел астанасы Дамаскіде ақша айырбастайтын бірнеше пункт ашылған. Бұрын осы іспен айналысқан адамдар түрмеге қамалса, енді мұндай операциялар үйреншікті жағдайға айналып келеді.

Жақында Араб Республикасының жаңа үкіметі бизнес жетекшілерімен кездесіп, Сирияны еркін нарық моделіне көшіріп, әлемдік экономикаға интеграциялауға уәде берді. Экономистердің болжамынша, бұның нәтижесінде елге жаңа инвестиция тартылып, шетелге қашқан миллиондаған адамды қайтаруға жол ашылады. Сол босқындар арасында орта тап өкілдері көп.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу