Илон Масктің байлығы 400 миллиард доллардан асты. Миллиардерлер тізімін жариялаған "Форбс" журналының дерегінше, биыл көлік саудасынан Масктің дәулеті 71% өскен.
Бұған қоса, оның "SpaceX" ракета компаниясының да құны артып келеді. Сонымен қатар, Илон Маск ми технологиясымен айналысатын "Нейролинк" старапына жетекшілік етеді. Трамптың президенттік сайлау науқанына 250 миллион доллар жұмсаған Маск, Х әлеуметтік желісі мен туннел салатын "Боринг" компаниясына иелік ететіні белігілі.
Арыстан Рысбек