Көкшетауда «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының оқу-әдістемелік жиыны өтті. Сонымен қатар, жыл соңында, үздіктер Қорғаныс және Оқу-ағарту министрлерінің атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
Биыл халықаралық деңгейде өткен «Айбын» әскери-патриоттық жарысында Ақмола облысының жас сарбаздары жеңіс тұғырынан көрінді. Бүгінде еліміз бойынша "Жас сарбаз" қозғалысында 280 мың тәрбиеленушіні қамтитын 8 мыңнан аса клуб жұмыс істейді.
Орынбек Сағидолда, Ақмола облысының «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы:
Қазіргі таңда Ақмола облысында 200-ден астам әскери-патриоттық клубтар мен «Жас сарбаз» сыныптары бар. Көбінесе, балаларды әскери-қолданбалы спорт түрлерін меңгеру арқылы әскери-патриоттық тәрбиеге тартып жатырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева