Қазақстан мен Ресей арасында цифрландыру саласында ынтымақ күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасында цифрландыру саласында ынтымақ күшейді

13.12.2024

Қазақстан мен Ресейдің Ханты-Мансийск автономдық округі әріптестікті жандандырмақ. Әсіресе мұнай, орман шаруашылығы, туризм және цифрландыру саласында әлеует жоғары. Еліміз цифрландыру саласында ТМД мемлекеттерінің ішінде оқ бойы озық. Мәселен электронды үкімет сияқты жобалар өзге мемлекеттердің де қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан алдағы уақытта бірлескен жобалардың саны еселенбек.

Павел Ципорин, Ханты-Мансийск автономиялық округі губернаторының орынбасары:

Қазақстанмен байланысымыз өте тығыз. Біз Алматы, Астана қалаларында өтетін цифрландыру саласы бойынша форумдарға қатысамыз, өйткені Қазақстанда бұл сала қарқынды дамып келеді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу