Су үнемдеудің «Жол картасы» әзірленді. 2026 жылға дейін бағдар беретін бұл құжат су саласын жаңғыртуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған.
Биыл елімізде 93 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізілді. 260 бөгет салынып, нығайтылды. Оңтүстік аймақтардағы егіс алқаптарына су жіберілді. Мәселен Шардара қоймасына келген су өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді. Жоспарға сәйкес 20 жаңа су қоймасы салынады. 14 мың шақырымнан астам суару каналдары қайта жаңғыртылады. Жыл соңына дейін су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі іске қосылады. Ол арқылы мамандар су қоймаларындағы су деңгейін, су жіберу көлемін, гидрометео болжам сынды мәліметтерді бақылай алады. Ақпараттық жүйені 4 министрлік бірлесіп жасап жатыр. Яғни Цифрлық даму, Су ресурстары, Экология және Төтенше жағдайлар министрліктері бірлесіп жасап жатқан «Tasqyn» ақпараттық жүйесі төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау мүмкіндік беретін болады.
Самал Қабышева