Батыс Қазақстан облысының Ресей шекарасында 500-дей жүк көлігі кептелісте тұр. Мемлекеттік кірістер Департаментінің хабарлауынша, бұған күн райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Өткен түннен бері аймақта және көршілес Самара облысында қар аралас жаңбыр жауып, жол үсті көктайғақ болды. Салдарынан «Сырым» авткөлік өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек туындады. Ресейдегі федералды тасжолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелген. Жол шамамен кешкі сағат 10-да ашылуы мүмкін.
Ардақ Мұратқызы