«Еуразия» кинофестивалі аясында өтіп жатқан жиынға ТМД елдерінен осы салаға еңбегі сіңген профессорлар мен жас мамандар қатысты. Аға буын өткенді еске алып, Кеңес одағы кезіндегі кино жайлы сөз қозғаса, жастар жағы қазіргі ахуалы мен болашағына қатысты пікір білдірді. Қазақ кинематографисының Орта Азияда өзіндік орны, беделі бар.
Кеңес одағындағы ең ірі киноөндірісінің орталығы да Алматыда 1934 жылы құрылған болатын. «Өткен ғасырдан бастап бүгінге дейін «Қазақфильм» жүздеген туындыны жарыққа шығарып, әлемдік деңгейдегі байқауларда жақсы бағаға ие болды. Сондықтан, Қазақстанның бұл саладағы маңыздылығы жыл өткен сайын артпаса, кемімейтіні анық», - дейді шетелдік сарапшылар.
Альбина ӘШІМ