1 млн 800 мың теңге. 16 мединица қызметкері байқаудың жеңімпазы атанып, осындай қаржылай сыйлыққа ие болды. Олардың әр қайсысы 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы алады. Бүгін Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары құрмет-қошеметке бөленді. «Жедел жәрдемнің үздік дәрігері», «Ауылдың үздік дәрігері» сынды 16 номинацияның жеңімпаздарын денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аталған конкурс медицина мамандарының кәсіби шеберліктерін шыңдап, саланың үздіктерін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып келеді.
Гүлбаршын Махамбетова, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» номинациясының иегері:
Қазір Атырау қаласынан келіп отырмын. Шынымды айтайын, 19 жыл жұмыс істесем де бірінші рет қатысып тұрмын. Осындай орынға ие болып тұрғаныма өте қуаныштымын.
Әйгерім Енсепбаева, «Үздік акушер» номинациясының иегері:
Облыс бойынша үздік акушер өтеді. Сол бойынша іріктеуден өттім. Қолдап жатқандарына үлкен рахметімді айтамын. Сондай ортада жұмыс істеп жатқаным мен үшін мәртебе.
Самал Қабышева