«Astana Piano Passion» II республикалық жас пианистер конкурсы өз мәресіне жетті. Бүгін байқау жүлдегерлері марапатталды.
Республикалық сайысқа Қазақстанның қалалары мен өңірлерінен 60 жас пианист қатысты. Олар жас аралықтарына сәйкес төрт санат бойынша бақ сынасты. Арасынан үздік атанған музыканттар жүлделі орындарға ие болды. Ал байқаудың басты мақсаты — Ұлттық фортепиано мектебін дамытып, дарынды жас музыканттарды қолдау. Қазылар алқасының айтуынша, жарыс жеңімпаздарын таңдау оңай болған жоқ.
Темірлан Бейсенбай, қазылар алқасының мүшесі:
Өте керемет, жоғары деңгейде өткен конкурс болды. Қазылар алқасына жеңімпаз анықтау өте қиынға соқты. Өйткені бәрі мықты, бәрі өте дарынды музыканттар. Жеңімпаздарды, біріншіден, құттықтаймын. Екіншіден, осы конкурс олардың өмірлеріндегі ең кішкентай конкурс болсын. Осылай Қазақстанның фортепианолық музыкасын дамыта берсін.
Темірлан Нұрсолтанов