Шымкентте жекеменшік мектептер білім беру лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жекеменшік мектептер білім беру лицензиясынан айырылды

13.12.2024

Шымкентте жекеменшік екі мектеп балаларға білім беру лицензиясынан айырылды. Олардың бірінде білім ұясына тіркеуге алынған шәкірт шетелде өмір сүріп келген. Ал екіншісінің жабылуына оқушы санының аздығы, мұғалімдер біліктілігінің төмендігі және материалдық техникалық жағдайының нашарлығы себеп болған.

Биылғы жылы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектептегі кемшіліктерге байланысты 500-ден аса шағым түскен. Соның негізінде 34 мектепте жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оларға 4,5 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Ал екі рет аттестаттаудан өте алмаған тағы 13 білім беру ұйымына кемшіліктерді жою үшін 1 айдан жарты жылға дейін уақыт берілді.

Рыскелді Әліш, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Егер 1 ай мен 6 ай мерзімде аталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда департамент лицензияның күшін жою, тоқтату жөнінде сотқа талап-арызбен шығады. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу