Президент бастамасымен 10 жас ғалым баспаналы болды. Олардың әрқайсысына Алматыдан 2-3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Арнайы бағдарламаға ілігіп, үйлі болған ғалымдардың арасында физика-математика, ауыл шаруашылығы және экономика салалаларына өмірінің 10-15 жылын арнағандар бар. Мақсат – жастардың еш алаңдамай, отандық ғылымды ілгерілетуге мүмкіндік беру, жігерлендіру.
Айта кету керек, былтырдан бастап Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» бірігіп арнайы бағдарлама жасаған еді. Соның арқасындап бүгінде 300-ге жуық жас ғалым баспаналы болды. Ал биыл Мемлекет басшысының бастамасымен тағы бір бағдарлама жүзеге асырылып, көктемде 10 ғалым, бүгін тағы 10 ғалым пәтер иесі атанды. Баспана тек үйі жоқ ғалымдарға беріледі.
Ақмарал Құлмахамбетова, ғалым, PHD докторы:
Президентіміздің қолдауымен жас ғалымдарды елімізге, ғылымға қосқан үлесі ретінде еңбегімізді елеп, сый-сияпат беріп жатыр. Өте қуаныштымыз. Бұл барлық жас ғалымдарға үлкен стимул.
Нұрсұлтан Тілектес