Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында да 44 отбасы баспаналы болды.
Пәтер кілттері тұрғын үй кезегінде тұрған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарға берілді. Әкімдік олар үшін Маңғыстау ауылында салынған көп қабатты, заманауи тұрғын үйден пәтерлер сатып алған. Баспаналар қоныстануға дайын, тұрмысқа қажетті жабдықтармен толық жарақталған. Тәуелсіздік күнінде үйлі болған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Мехринур Қайыпова, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
Осы үйге 2019 жылы ақпан айында әке-шешесі жоқ деген тізімге тұрдым. Тегін беріп жатыр. Ішінде жылуы бар, газы бар. Бәрі бар. Жылуы да, ыстық су да, мұздай су да бәрі келіп тұр.
Аягөз Оралбайқызы