Атырауда 73 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 73 отбасы баспаналы болды

16.12.2024

Атырауда Тәуелсіздік мерекесінде 73 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттері апатты үйде тұратын азаматтарға берілді. Тасқын кезінде Қайыршақты ауылдық округі Аспа ауылынындағы бірнеше үй жарамсыз боп қалған еді. Тұрғындарға Зарослый елді мекенінен жаңа үйлер салынды. Жалпы жыл басынан бері кезекте тұрған апатты үй иелеріне және осал топтағы азаматтарға 350-ден астам үй берілді.

Дәрмия Шыңғалиева, Аспа ауылының тұрғыны:

Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Осындай көңіл-күй сыйлаған қала әкіміне алғыс білдіреміз. Үйіміз құт-берекеге толы болсын. Барша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматқа қуаныш бұйырсын деп тілеймін.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу