Оралда мереке қарсаңында құрылысы төрт жылға созылған мектептің жаңа ғимараты тапсырылды.
Қалалық №31 білім ұясының апатты ғимараты 2020 жылы бұзылып, содан бері құрылыс түрлі себептермен созбалаңға салынған еді. Енді, міне, төрт қабатты 400 орындық сәулетті білім ұясы бой көтеріп, тұрғындарды қуантты. Жаңа мектеп баланың алаңсыз білім алуына қажет барлық құрал-жабдықпен қамтылған. Информатика, STEM, робот техникасы кабинеттері, шеберханалар, лазерлі тир бар. Спорт залы, кітапхана, асхана талапқа сай жабдықталған. Мұнда 415 оқушыға 30 мұғалім сабақ бермек. Бәрінен бұрын бұған дейін жан-жақта шашырап білім алып, қазір өз мектептеріне оралған балалардың қуанышында шек жоқ.
Әдия Төкешева, оқушы:
Мектеп ескі болды, кішкентай болды. Ал қазір үлкен, әдемі. Бәрі жаңа, парталар да. Мен енді сабақты қатты жақсы оқығым келеді. Өйткені қазір жаңа мектепке келдік.
Ардақ Мұратқызы