АҚШ-та Мэдисон қаласы мектептерінің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Мэдисон қаласы мектептерінің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды

17.12.2024

АҚШ-тың Мэдисон қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды. Тағы да алтауы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екеуі өте ауыр халде жатыр дейді дәрігерлер. Ал көз жұмғандардың арасында мектеп мүғалімі мен жасөспірім оқушыдан бөлек, тапаншадан оқ атқан күдікті де бар.

Тергеушілердің айтуынша, ол полиция офицерлері келгенге дейін өз-өзіне қол салған. Күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғаны және тапаншаны мектеп ғимаратына қалай алып кіргені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұл мектептің аумағында болған алғашқы қайғылы оқиға емес. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу