Бұл - Францияның теңіздегі территориясы. Мұндай іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Үнді мұхитындағы аралдарға жақында алапат циклон сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққы берді. Сұрапыл дауылдан үйлер жермен-жексен болып, телефон байланысы үзіліп, электр және су жүйесі істен шыққан.
Болжамдарға қарағанда, жүздеген, тіпті мыңдаған адам қаза тапқан тәрізді. Францияның уақытша ішкі істер министрі Бруно Ретайоның мәлімдеуінше, 321 мың адам тұратын Майоттаға циклоннан келген шығынды және өлгендердің нақты санын анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін.
Арыстан Рысбек