Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту жөніндегі кемінде 26 ГВт жаңа қуат енгізуді көздейтін жоспарды әзірледі және бекітті. Жоспар бойынша қуаты 1 682,4 МВт болатын жылу электр кешені пайдалануға берілмек.
Ал жыл соңына дейін 163,35 МВт-тық кешен пайдалануға берілмек. Салаға 720 млрд теңге инвестиция тартылған. 2029 жылға дейін құйылған қаржы көлемі 8 трлн теңгеге жетеді деген жоспар бар. Еліміздің электр станцияларында 2024 жылы 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Министрлік жылды осылай қорытындылады.
Пайдалануға берілетін ЖЭК қуаты – 1 682,4 мвт
Биыл пайдалануға берілетін ЖЭК қуаты – 163,35 мвт
Салаға тартылған инвестиция 720 млрд теңге
2029 жылға дейін тартылатын инвестиция – 8 трлн теңге
Жөндеуден өткен құрылғылар
Энергоблок – 10
Қазандық – 55
Турбина – 45
Оңғары Алпысбай