Биткоин бағасы шарықтауын жалғастырып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, оның құны 107 мың доллардан асып кеткен. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, криптовалютаның өсуіне сайланған президент Дональд Трамптың мұнай қоры тәрізді биткоин резервін де құру жоспары себепші.
Айта кетсек, Трамп Ақ үйге оралғалы, яғни, қаршаның 5-нен бері бұл сандық актив 50 пайызға, жыл басынан 150 пайызға қымбаттапты. Жалпы алғанда, биыл әлем бойынша криптовалюта нарқының көлемі 3,8 триллионға жетті. Ал АҚШ-та биткоиннің шамамен 200 мың данасы бар. Олар қазір 20 миллиард долларға бағаланып отыр.
Арыстан Рысбек