Алаяқтар министрдің атынан жалған хабарлама таратып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар министрдің атынан жалған хабарлама таратып жүр

17.12.2024

Алаяқтар министрдің дауысына салып хабарласып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, бәз біреулер оның атынан адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберіп жатқанын айтты. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы ретте, мұндай хабарламаларды елемеуді сұрап, алаяқтарға алданып қалмауды ескерткен.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу