Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасын қабылдады. Болат Жәмішев қордың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттерін баяндады. Соңғы 3 жылда қор-жалпы сомасы 230 миллиард теңге болатын 103 қайырымдылық жобасын қаржыландырған. 461 адамның, соның ішінде 342 баланың еміне 57,7 миллиард теңге бөлінді. Қатерлі ісікке шалдыққан 1200-ден астам науқасқа, құны 14,5 миллиард теңге болатын арнаулы препараттар берілген. Сондай-ақ аутизм белгілері бар балаларға арналған 7 орталық, өңірлерде 6 оңалту орталығы пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тағы 20 орталық іске қосылады. Ұйым тасқыннан зардап шеккен жандарға қолдау көрсетіп, бес облыстағы 627 үйдің құрылысын қаржыландырды. Президент «Қазақстан халқына» қорының жұмысын жоғары бағалады.
Динара Жарқынбек