Бірыңғай уақыт белдеуі спортшыларға ыңғайлы. Әсіресе, халықаралық, әлемдік додаларда бақ сынағанда байқалады,-дейді спортшылар. Шетелдегі жарыстарға қатысқанда уақыт айырмашылығына бейімделу қиындау болатын. Ал қазір жылдам үйренісіп кетуге болады. Сондай-ақ спортшылардың сөзінше, ерте жатып, ерте тұру адамның сергек әрі ширақ болуына септігін тигізеді. Физикалық белсенділік артады.
Жібек Құлымбетова, джиу-джитсу мен грэпплингтен әлем чемпионы:
Мысалы, БАӘ мен салыстырғанда бұрын айырмашылық 3 сағат болатын. Қазір 2 сағат. Қатты білінбейді. Бұрындары өте қатты сезілетін. Ұйқың қанбай, жарыстарға бір апта ерте барып. Ал қазір кішкене жақсы болып қалды.
Ғұсман Қырғызбаев, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:
Уақыт қысқарған сайын, бізге де жақсы. Уақыт белдеуінің ауысқанынан ешқандай қиыншылық көріп тұрған жоқпын, жалпы спортшылар үшін керісінші тиімді.
Ернұр Медет