Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау бойынша экологиялық акцияның алғашқы маусымы аяқталды. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қолға алынған науқанға 200-ден аса мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Нәтижесінде 1 миллионнан астам қақпақ жиналды. Қоғамдық мәселелерге назар аудару және өскелең ұрпақта экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама жастар мен олардың ата-аналарының тарапынан үлкен қолдау тапты.
Евгений Мұхамеджанов, ECO Network жобасының жетекшісі:
Идея осы іске қоғам назарын аударту болған. Ойымыз жүзеге асты. Бірақ бұл әлі бастамасы деп ойлаймын. Біз алғашқы маусымда 1 млн-нан аса қақпақ жинадық. Көп болып көрінуі мүмкін. Ал негізінен жылына 1-2 млрд бөтелке шығады. Біздің жинағанымыз оның кішкентай бір бөлігі ғана. Сондықтан біз бұл жұмыстарды әлі де жалғастырамыз.
Ернұр Медет