Тергеушілер: Асад режимі 100 мыңнан астам адамды азаптап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тергеушілер: Асад режимі 100 мыңнан астам адамды азаптап өлтірді

18.12.2024

Сирияда Башар Асадтың «ажал машинасы» 2013 жылдан бері 100 мыңдай адамды азаптап өлтіріп, оларды жаппай ортақ молаларға көмген. Мұны Жоғалып кеткен адамдар жөніндегі халықаралық комиссия хабарлады.

Дерекке сай, Асад үкіметі құлаған он күннің ішінде осындай 66 зират табылыпты. Руанда мен Сьера-Леондағы әскери қылмыстарды тергеген халықаралық прокурорлардың сөзінше, адамзат мұндай сұмдыққа нацистер қырғынынан бері алғаш рет куә болып отыр.

Сирияда 2011 жылғы революция алапат азаматтық соғысқа ұласты. Жүздеген мың адам оққа ұшты. Жақында Мәскеуге қашқан Асад өз үкіметінің адам құқықтарын бұзғанын бірнеше рет жоққа шығарып, қарсыластарын экстремистер деп сипаттағаны белгілі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу