Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңынан биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын мақұлдады. Құжатта Түркістанның археологиялық ескерткіштерінің резерватын құру көзделген.
Мақсат - Түркістанды еліміздің рухани-мәдени, тарихи, туристік орталығына айналдыру. Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін нығайту. Биыл Түркістанға 1 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылған. Ал, былтыр келген туристердің саны 1,5 миллиОннан асқан.
Айта кетейік, Түркістанға Мәскеумен Бакуден тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Енді, Түркістанда ұлттық қолөнерге ерекше қолдау көрсету заңмен қарастырылады.
Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:
Әлеуметтік арқытқышлықтар негізінен қолөнер шеберлеріне қарастырылып отыр. Қалада жалпы 100 астам қолөнер шебері бар. Олартуристік бағытта жұмыс істегеннен кейін, шет елден, елімізден келетін саяхатшыларға өз өнімдерін ұсына алады. Оларға артықшылық тиісті өнімдерінің 20-25 пайызына дейін субсидиялау мәселесі қарастырылып отыр.
Самал Қабышева