Қазақстанда иммунитет тапшылығы бар науқастардың саны артып барады. Осы диагоноз екі мыңнан астам адамға қойылған.
Олардың 70%-ға жуығы – 20 жасқа дейінгі азаматтар. Бұл туралы бүгін Алматыда диагностика жасау және емдеу мәселелеріне арналған баспасөз жиынында айтылды. Дәрігерлердің сөзінше, иммунитет тапшылығына халық көбіне немқұрайлы қарайды. Мұндай сырқаттардың кесірінен ағза инфекциялармен тиімді күресуге қабілетсіз бола бастайды. Еңбек белсенділігі төмендеп, үнемі шаршаңқы жүреді. Өмір сапасы төмендеген соң, арты ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан, иммунитет тапшылығын болдырмай, адамның басқа ауруларға шалдықпауы үшін скрининг жасатқан дұрыс», - дейді мамандар.
Арай Батырбаева, Республикалық аллергология орталығының басшысы:
Дер кезінде диагноз қойылмағандықтан, науқастар өздеріне лайықты ем алмайды. Сондықтан, көптеген асқынулар болады. Егер сіздің балаңыз жылына 4 рет атит болса, құлақ, лор органдары жиі асқынулар болса , инфекцияны жою үшін жиі дәрілерді қолдану керек болса, онда ата-аналар назар аударуы керек. Иммундық жүйені тексерту қажет.
Ернұр Медет