Көпбалалы отбасылар биыл 432 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы отбасылар биыл 432 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды

19.12.2024

Биыл көпбалалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды. Мемлекеттік төлем 577 мыңнан астам отбасыға тағайындалған. Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептелді. 4 баласы бар отбасыларға- 59 123 теңге, 5 бала-73 988 тг, 6 балаға- 88 793 тг, 7 балаға- 103 598 тг, ал 8 немесе одан көп баласы болса, әрқайсына 14 768 теңгеден төленді. Атап өткен жөн, биыл мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 7%-ға артты.

577,2 мың отбасы – 431,9 млдр тг жәрдемақы алды

4 баласы бар отбасыларға – 59 183 теңге;

5 балаға – 73 988 теңге;

6 балаға – 88 793 теңге;

7 балаға – 103 598 теңге;

8 және одан көп балалы отбасы – әр балаға 14 768 теңге.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу