Шетелдік ғалымдар жасанды ұрықтандыру саласында үлкен жаңалық ашты. Gameto компаниясының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Fertilo технологиясы арқылы өмірге алғашқы сәби келді. «Бұл тәсіл дәстүрлі ЭКО-дан 80 пайызға жеңіл. Емдеу мерзімі 3 күнге дейін қысқарған. Бастысы, әйел адамдарға психологиялық жеңіл әрі ағзаға кері әсері мүлде жоқ», - деп отыр ғалымдар. Жаңа технологияны пайдалануға бірнеше елде рұқсат та беріліп қойған.
Марат Отарбаев, «Экомед Алматы» клиникасының директоры:
Қалыпты жағдайда біз әйелдерге горманальды стимуляция жүргізіп, олардың ұрығын алатын болсақ, ол процесс шамамен екі аптадай жүретін. Ол процесстің орнына клеткаларды жасанды орта жағдайында пісіп жетілдіру арқылы әйелдердің ұрығын табады.
Оңғар Алпысбайұлы