Ақтөбедегі доңыз тұмауының көбеюі алаңдатарлық жағдай ма? Өзге өңірлерге таралып кетпей ме? Сақтық шаралары бар ма? Осы сауалдарды Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін жолдаған едік.
Жасұлан Тұрғанбекұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Ақтөбеде жалпы жағдай тұрақты. Ондай бір дабыл қағатындай емес. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, Ақтөбедегі деңгей сол деңгейді сақтап тұр. Бұл жерде шошқа тұмауы деген атаумен бұқаралық ақпарат құралдарында кеткеннен кейін, елдің бәрі немесе бұқаралық ақпарат жаға ұстағандай жағдай болған шығар, шын мәнінде. Бұл қарапайым тұмаудың H1N1 нұсқасы ғана.
Темірлан Нұрсолтанов