Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып тағайындалды. Ол үміткерлердің ішінде 34 дауыспен айқын басымдыққа ие болды. Кандидаттардың ішінде Алтай Даумов дауыс берушілердің 2 дауысына ие болса, спорт комментаторы Ербол Қайыровқа бірде-бір адам дауыс бермеген. Федерацияның 36 жастағы жаңа басшысы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметін қоса атқарады. Айта кетейік, бұған дейін федерацияны 2 жыл Әділет Бәрменқұлов басқарған еді. Ол 8 қараша қызметтен кеткен болатын.
Асылбек Данияр