Алматы облысында жайылымға жер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жайылымға жер жетіспейді

20.12.2024

Алматы облысында жайылымға жер жетіспейді. Ал жеңілдетілген несиенің басым бөлігі мал басын көбейтуге беріліп отыр.

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары қатысқан жиында осы мәселелер көтерілді. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қазірдің өзінде жеке сектордың малын жаюға жер тапшы, деп атап өтті. Салдарынан төрт түлік төлі көбейгенде, жағдай ушығуы мүмкін. Сондай-ақ жердің тозуы мен шөптің құнарлылығы да зерттелмей жатыр, дейді. Жиында агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлікті дамыту мен ұжымдастыру тақырыбы да талқыға түсті. Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде 122 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 10-ы – құс фабрикасы. Биыл мал мен құс етін өндіру ісі алға жылжып, өнім көлемі 12 пайызға артқан. Кездесуде Сенат депутаттары агроөнеркәсіп кешеніндегі шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру жүйесін де талқылады.

Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Алматы облысында өндіретін үлкен зауыттар салу керек деп жоспарлап жатыр. Алматы облысына үлкен инвесторлар келеді. Себебі, облысында жері де, суы да бәрі жақсы. Қазір әкімдік керекті инфрақұрылымды тартып жатыр. Солардың жобасы жасалып жатыр.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу