«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бұл жолы студенттер мен «AMANAT» партиясының өкілдері атсалысты. Олар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, теңіз жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Айта кетейік, аймақта экологиялық шара жаз бойы қарқынды жүрді. Елдімекендерді, туристік жерлерді қоқыстан арылтуға мыңнан астам адам үлес қосты.
Гүлшат Арзығұлова, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі:
Барлық қала аумағындағы мекемелер, өндірістік мекемелер болсын басқа да мекемелер осыған атсалысып жатыр. Бүгін кезекті өзіміз алдық. Біздің міндетіміз - осы қала аумағын, өзіміз тұрған жерімізді тазалыққа үндеу.
Аягөз Оралбайқызы