Перудің Амазон орманында жануарлардың 27 жаңа түрі табылды. Ғалымдар оларды Альто-Майо өңірінде 38 күндік экспедиция барысында анықтаған. Табылған тың тіршілік иелері арасында қосмекенді тышқан, ағаш саламандрасы және басында өскіні бар ерекше балық бар. Бұдан бөлек осы саяхатта бұрын-соңды көрмеген 48 жануар анықталған. Ғалымдар оларды әрі қарай зерттеп көрмек.
Арай Төлегенқызы