Зейнетақы жинақтарын заң аясында ғана қолдануға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинақтарын заң аясында ғана қолдануға болады

20.12.2024

Зейнетақы жинақтарыңызды алаяқ делдалдар үптеп кетпесін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы мәселеге қатысты ескерту жасап жатыр. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Жалпы, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда ғана азаматтар пайдалана алады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын алу әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана қолдануға мүмкіндік бар.

Гүлнұр Ағайдарова, «БЖЗҚ » АҚ төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің басқарма басшысы:

Зейнет жасына толған азаматтар, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар алады және шетелге тұрақты тұруға кеткен шетел азаматтары алады. Сонымен салымшы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлеріне беріледі.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу