Бүгін Сенат жанындағы сарапшылар клубының отырысында, гендерлік даму мәселелері талқыланды.
Бүгінде елімізде 10 миллионнан астам әйел бар. Сарапшылар олардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Әйелдердің әлеуетін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ бизнес, қаржы, саясаттағы әйелдердің роліне тоқталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қазіргі таңда экономикалық секторда әйелдердің әлеуеті жеткілікті деңгейде емес. Ауылдық жерлердегі әйелдердің экономикалық белсенділігі де әлі төмен. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық та маңызды мәселе болып қалып отыр. Сондықтан осы бағытта бізге жұмысты жалғастыра беру керек.
Темірлан Нұрсолтан