«New York Times» пайымы бойынша біздің Алматы саяхаттауға лайық үздік ондыққа кірді. Америкалық басылым Алматыны ғажап мекендердің бірі деп отыр. Алматы мұндай рейтингке жиі кіреді. Жақсы тенденция.
Дегенмен алматылықтарды ғана емес, Алматы сияқты сұлу қаламыздың бар жағынан көркем болуын қалайтын қазақстандықтарды уайымдататын бір нәрсе бар - түтін. Әрине, бұл жылдам шешілетін мәселе емес. Жылу орталықтарын экологиялық жағынан таза отынға көшіру, электрмен жүретін көліктерге отыру... Айтуға оңай дүниелер. Бірақ «өйту керек, бүйту керек» дегеннен бұрын, лас ауаның ықпалы жақсылап зерттелді ме, зерттеліп жатыр ма? Тыныс алу жолдарына қатысты дерттерден басқа қандай ауру тудырады?
Ауру түрлерінен бөлек, жалпы көңіл-күйге, жүріс-тұрысқа қалай әсер етеді? Лас ауа тіпті адамның көлікті агрессивті айдауына ықпал етеді деген пайым бар. Алматыда 2 млн 280 мыңнан астам адам тұрады. Осынша халықтың таза ауамен демалу құқы бұзылып отыр.
400 мыңға жуық халқы бар Өскемен қаласын қосыңыз, онда тіпті көшеге шыға алмай қалады. Осы күзде жұртты бірнеше күн жөтел қысты, маска тағып жүрді. Көк түтінге тұншыққандардың тізімі Алматы мен Өскеменнен ғана тұрмайды...
Сұлу Алматының ...көк түтіні туралы Ернұр Медеттің репортажы.