Өткен апта III Ұлттық құрылтайдың қортынды отырысы өтіп, жүзеге асып жатқан бағдарламалар жайлы айтылды. Мәселен Атырауда өткен келелі жиыннан кейін құрылтайда айтылған бағыттар бойынша 9 заң жобасы қабылданды. Олардың арасында ұлттың болашағына тікелей әсер ететін маңызды заң жобалары бар.
Мәселен құмар ойындары мен оның жарнамасын шектеу және есірткі таситын жастар, тіпті кәмелетке толмаған балаларға жазаны қысқарту туралы заңға біраз өзгерту енгізілді. Мысалы бұған дейін есірткі таратқандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылса, енді ол мерзім бірнеше жылға қысқарады. Ал, есірткі өндірушілерге жаза қатаңдайды.
Самат Нұртаза – Ұлттық құрылтай мүшесі:
16-17 жастағы балалардың қыршын кетіп қалса өмірі сынып кетуі мүмкін ғой?! 10 жыл деген оңай емес. 10 жыл түрмеде отырған адам 26 жасында шықса, одан нағыз қылмыскер жасап шығаратын шығар түрме. Сондықтан біз рақымшылық немесе жеңілдету шарасын жасауымыз керек деп есептеймін өзім.
Нұрсұлтан Тілектес