Семейде шырша құруға қатысқан мектеп мұғалімі ауыр жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде шырша құруға қатысқан мектеп мұғалімі ауыр жарақат алды

23.12.2024

Семейдің орталық алаңында шырша құрып жүрген мектеп мұғалімі ауыр жарақат алған. Куәгерлердің айтуынша 4-5 метр биіктен құлаған оның басы жарылған. Қаладағы № 49 мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиев қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оны әкімшілікке тиесілі безендіру жұмыстарына кім жібергені анықталуда.

Бұл оқиғаны Оқу-ағарту министрі өз бақылауына алғанын жеткізді. «Семей қаласында мұғалімдерді жаңа жылдық шыршаны безендіруге тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу» - дейді Ғани Бейсенбаев. Қызметтік тексеріс басталды. Заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылмақ.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу