Сербияда ондаған мың адам биліктегі партияға қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда ондаған мың адам биліктегі партияға қарсы шеруге шықты

23.12.2024

Бұл жолғы наразылық акциясына ондаған мың адам жиналған. Арасында оппозиция лидерлері де бар. Демонстранттар президент Александр Вучичке және басқарушы Сербия прогрессивті партиясына қарсы шыққан.

Олар билікті қарашада теміржол станциясында болған апатқа жауапты деп айыптайды. Өткен айда теміржол станциясы шатырының бетон қалқасы құлап, 15 адам қаза тапқан еді. Халық оқиға үкіметтің жемқорлығы мен непотизм салдарынан болды деп есептейді. Шерулер де сол уақыттан бері жиі өтіп келеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу