Алматы үйлену бойынша республика көлемінде алғашқы орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы үйлену бойынша республика көлемінде алғашқы орында тұр

23.12.2024

Алматы үйлену бойынша республика көлемінде алғашқы орында тұр. Жыл басынан бері 20 мыңға жуық заңды неке тіркелген. Отау құруға өтініш берген жұптардың орташа жасы ерлер үшін – 27, әйелдер үшін – 25 жас. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалы хабарлады.

Өкініштісі, шаһарда шаңырағы шайқалып, екі жаққа кеткен отбасылар да көп. Биыл 4500-ға жуық жанұя заңды некесін бұзыпты. Мамандардың сөзінше, көбіне ажырасуға өтінішті жастар береді.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу