Келесі жылдан бастап тағы 9 түрлі кәсіп үздіктері Президент атынан наградалар алады. Бұл Атырауда өткен құрылтайда көтерілген бастама бойынша жүзеге асып отыр. Биыл тұңғыш рет Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері атағы берілді. Енді аталған награда қатарына, құрметті құрылысшы, энергетик сынды бірнеше жұмысшы мамандықтар қосылды.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық Құрылтай мүшесі:
Еңбекті дәріптемей, еңбек адамын дәріптемей, жастарды қоғамға, елге тәуелсіздікке деген дұрыс көзқарасты қамтамасыз ете алмаймыз. Еңбек адамы ғана бұл өмірдің қадірін біледі. Еңбек адамы ғана табыстың қадірін біледі.
Мерекелік күндер тізбесіне Ұлттық кітап күні де қосылды. Ол келесі жылы 23 сәуірде аталып өтеді. Бұл арқылы жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр. Ол үшін мектептерде арнайы бағдарлама енгізіледі.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Оның аясында жас оқырмандарға ұсынылатын 1770 кітап іріктеліп, тізімі былтыр бекітілді. Тізімнің 22 пайызыклассикалық әдебиеттер. 39 пайызы тәуелсіздікжылдардағы әдебиеттер. 15 пайызы қазіргі қазақ әдебиеті. 25 пайызы шетел әдебиетінен құралады. Олардың бәрі қазақ тіліндегі әдебиеттер.